DPG Sim
Сандық Қоғамдық Игілік жасауды мақсат ететін шағын компанияны басқаруға мүмкіндік беретін тайкун жанрындағы ойын.
DPG Sim – өзі сандық қоғамдық игілік (DPG) болып табылады. Ол тегін және ашық бастапқы коды бар. GameLab KBTU зертханасы тарапынан DPG Lab білім беру бағдарламасы аясында, ҚБТУ және ЮНИСЕФ-пен ынтымақтастықта жасалған.
Сандық Қоғамдық Игілік деген не?
DPG Simulator ойынында ойыншыларға команданы мен қаржыны басқару және қоғамдық мүддеге қызмет ететін сандық құралдар жасау миссиясына берік болып, кедергілер мен қиын шешімдерден өту қажет. Бірақ бір қиындық бар: шамадан аспай, банкротқа ұшырамау. Қызық емес пе? 😅
Физикалық әлемде жолдар, парктер және кітапханалар сияқты қоғамдық игіліктер жалпыға пайдалы. DPG ұқсас рөл атқарады, бірақ сандық кеңістікте өмір сүреді: бұл ашық код, қолжетімді деректер және құралдар. Сандық Қоғамдың Игіліктер БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына сай жаһандық ілгерілеуді қолдайды.
DPG Sim өзі Сандық Қоғамдық Игілік болғандықтан, ол толықтай тегін және ашық бастапқы кодпен қамтамасыз етілген. Сіз кодты зерттеп, өз үлесіңізді қоса аласыз! Қателерді түзету, ойынды басқа тілдерге аудару немесе жаңа сценарийлерді қосу сияқты кез келген қолдауды құптаймыз.
Бағдарламалау дағдылары болмаса да, ойынға үлес қоса аласыз. Сценарий жасау және контент қосу жүйесі интуитивті түсінікті және қарапайым болып жасалған.
Өз үлесіңізді қосу үшін біздің GitHub репозиториімізге кіріңіз. Егер сіз Godot (v3.5.3) ойын әзірлеу платформасымен таныс болсаңыз, ойын файлдарымен тікелей жұмыс істей аласыз.
Қатысқыңыз келе ме?
  • Көмек қажет болатын жерлерді білу үшін Issues парақшасына кіріңіз.
  • Идеяларыңызды немесе түзетулеріңізді pull requests арқылы жіберіңіз.
Алмасхан Баймышев
Бас әзірлеуші
Дмитрий Тучашвили
Әзірлеуші
Елена Медведчикова
Суретші
Александр Мезин
Продюсер
Алматы қаласы, Төле би көшесі 59 (ҚБТУ), 47 аудитория